«Мың бала» ұлттық олимпиадасының аудандағы жеңімпаздары марапатталды
15-12-2020, 17:16
![](/uploads/posts/2020-12/1608550067_131538853_841753693312912_7138118264048139126_n.jpg)
Елбасы академиясының ұйымдастыруымен еліміздегі ауыл мектебі оқушылары арасында «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өткізілді. Білім бәсекесі талантты әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылды. Ұлттық олимпиадаға ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысқан болатын.
Білім додасы аймақта облыстық Назарбаев зияткерлік мектебінің ғимаратында өткізіліп, ШҚО-дан 1 кезеңде 3000-нан астам бала, біздің ауданнан 65 бала, 2-ші кезеңге 25 бала қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде, 3 оқушы жоғары балл жинап, жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Канонерка орта мектебі" КММ-нің 6 сынып оқушылары Мұсатаева Әсел, Грошева Александра және "Борас орта мектеп-бақшасы" КММ-нің оқушысы Тоқсанова Дарина ұлттық олимпиадада біліктіліктерін көрсетті.
Облыс, республика көлеміндегі білім додаларында аудан мерейін үстем еткен дарынды оқушыларды аудан басшысы арнайы құттықтады. Дарын иелеріне білім шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдіріп, Елбасы академиясының «Алғыс хаты» мен ноутбуктарын табыс етті.