Главная > Жаңалықтар > Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:


8-12-2020, 18:42. Разместил: admin13
"ШҚО Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" ММ (ШҚО, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 39) 2020 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 15.00 – де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік конкурсқа өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
               Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
              1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;
              2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен берешектің жоқтығы туралы анықтама, салық органынан құжаттарды бергенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен берешектің жоқтығы туралы анықтама;
              3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынатын) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;;
              4) "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген "эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі);
             5) медициналық кабинетке лицензияның болуы туралы көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарт;
             6) өнім берушінің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттемесі тек қана Республикалық маңызы бар қаланың, Астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасы бойынша, тамақтану үшін ата-ананың белгіленген мөлшері Заңға сәйкес. Өнім беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады;
             7) тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері.
    Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
             Конкурстық құжаттар пакеті "ШҚО Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" ММ мына мекен-жай бойынша 2020 жылғы 11 желтоқсан 15-00 ге дейін ұсынылу қажет (ШҚО, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 39).
             Қосымша ақпарат және анықтамалар үшін 8(72236) 90439, 91875 телефондары арқылы байланысуға болады.

Вернуться назад