Главная > Жаңалықтар > Толық күндік шағын орталық ашылды

Толық күндік шағын орталық ашылды


13-10-2020, 17:23. Разместил: admin
2020 жылдың 13 қазанында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту аясында Бесқарағай аудан әкімінің қолдауымен Қара-Мырза ауылындағы Қара –Мырза негізгі мектебінің базасында 15 орынды толық күндік шағын орталық ашылды. Шағын орталықта 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар айналысады. Сондай-ақ, шағын орталық ашылғанда бес адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
Өткен жылды 1 мен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейін 95 пайызбен тәмамдадық, қазіргі таңда 3-6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді бақшамен қамту деңгейі 100 пайызды құрап отыр аудан бойынша.
Жылдың басында Беген мектебінде 15 балаға топ ашылды. Тағы биыл жоспар бойынша 21 мектептің ішінен Мостик пен Долонь мектептерінде осындай шағын орталықтар және Глуховка ауылында Алтынай балабақшасында 16 балаға жаңа топ ашылады. Барлығы биыл 76 бүлдіршіндеріміз жаңа орындармен қамтамасыз етіледі.

Вернуться назад